Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

Облыс әкімі ақтөбеліктерді көктемгі тазалық жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды

657 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жауапты мемлекеттік мекемелердің және қала, аудан басшыларымен селекторлық режимде көктем мезгілінде жүргізілетін көгалдандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы жайлы жиын өткізді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі ақтөбеліктерді көктемгі тазалық жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды

Жиын барысында Табиғи ресуртар және табиғатты  пайдалану  реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл баяндама жасап,жыл сайын  тал-теректер отырғызылғанмен оны күтіп-баптау ұмытылып кететінін  атап өтті. Сондықтан аудан әкімдеріне көшеттерді арнайы  күтіп-баптау  үшін  қаражат бөлу керектігі  ұсынылды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде жүретін  көгалдандыру, тазалық  жұмысы биыл да өз жалғасын табады. Өткен жылдың күзінде Ақтөбе аймағында 56 мыңнан астам түп көшет отырғызылса, ағымдағы жылы облыс аумағына ағаш және бұта көшеттері түрлерінің 68511түбін отырғызылу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алқалы жиында көктемгі тазалық жұмыстары кезінде ретсіз  қалдықтардан арылу  жұмыстарын күшейту мәселесі де қаралды. Ақтөбедегі Астана және Алматы  аудандарында ретсіз қалдықтар жиналған 375 орын бар. Аудандарда да осындай кемшіліктер кездеседі.

Облыс әкімі  Оңдасын Оразалин  қала және аудан әкімдеріне  тұрғындар арасында күл-қоқысты шашпау жайлы түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізуді, қоғамдық пікір қалыптастыру бойынша жұмыстар атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, заң аясында айыппұл салу арқылы да тыю жолдардын  қарауды ұсынды. Сондай-ақ, облыс  әкімі санитарлық тазалыққа қатысты әлеуметтік желілерде пайда болған видеоларды жүктеген тұрғындарға алғысын білдірді. Себебі, мұндай видеолар мәселенің тез шешілуіне  көмектеседі.

Аймақ басшысы  халықты  ынталандыру  мақсатындағы  «Үздік аула», «Үздік  көше»  акцияларын ұйымдастыруды  тапсырды.