Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

Қарағанды облысында шахталар мен байыту фабрикаларының даму стратегиясы әзірленді

849 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті барлық 13 кәсіпорын – шахталар мен байыту фабрикаларының даму стратегиясын әзірледі. Айта кету керек, құжатта 2042 жылға дейінгі кезең қамтылған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысында шахталар мен байыту фабрикаларының даму стратегиясы әзірленді

2020-2041 жылдарға көмір өндіру жобаларын әзірлеуге арналған техникалық тапсырма «Қарағандыгипрошахт» ЖШС институтына берілді. 2019-2023 жылғы стратегияда көмір өндіруді 10%-ға (2018 жылғы деңгейге қарағанда) және 20%-ға арттыру көзделген. 

Жаңа технологияларды дамыту, жабдықтарды жаңғырту, құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Ірі жобалардың қатарында «Тентек» шахтасында жаңа клеткалық оқпан салу; Күзембаев атындағы шахтаны желдетуді қайта жаңарту. «Восточная» ОБФ қалдық қоймасының екінші кезегінің құрылысы бар. 

Көмір департаментінің барлық шахталарында жайғастыру жүйесі енгізілуі тиіс. Ол өндірісте автоматтандырылған және сандық бақылау әдістерін дамытуды, тау-кен шахталық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді. Мұндай жүйе «Қазақстан» шахтасында сыналды.

Бүгінде КД кәсіпорындарын цифрландыру деңгейі шамамен 60% құрайды.
Стратегияны орындау кеншілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді және жер асты еңбегінің қауіпсіздігін арттырады.