Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

Қарағандыда жаңа емхана ашылады

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында амбулаторлық-емханалық ұйымдар желісін дамыту және жаңғырту шаралар жоспары бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 2019 жылы 11 жоба іске асырылады, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін қолдану да қарастырылған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда жаңа емхана ашылады
Бұл туралы аппараттық жиналыс барысынеда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді. 

Ол жақын арада облыс орталығында "Восток-2" шағын ауданында жаңа емхана ашылатынын хабарлады. Емханалық қызмет көрсететін тағы үш нысан Қарағанды мен Теміртауда салынатын болады.

- Жезқазғанда аурухана қалашығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады, оның аумағында қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған кеңес беру-диагностикалық орталық құрылады. Шахтинскіде ауруханалық қалашықты жөндеу жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде емхананың жалпы аумағы 1 500 шаршы метрден асатын болады, - деді Ержан Нұрлыбаев.

Мақажанов атындағы көп салалы ауруханада жаңа кеңес беру-диагностикалық орталық құру қызмет санын 20% - ға арттыруға мүмкіндік береді, деп атап өтті ол. Бұл ретте емделушілер мен медициналық қызметкерлерге қолайлы жағдай жасауға уәде берілді. 

Ауыл тұрғындары да назардан тыс қалмайды, деді басқарма басшысы. Жаңа ОДА (отбасылық-дәрігерлік амбулатория) құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Облыста қызметтік тұрғын үй бөлу арқылы медицина мамандарының тапшылығы мәселесі шешілуде. Биыл дәрігерлерге жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған 69 пәтер кілттерін Шахтинск, Абай, Қарағанды және Жезқазғандағы медициналық қызметкерлеге тапсыру жоспарлануда, деп мәлімдеді Ержан Нұрлыбаев.

Қарағанды облысында 45 АМСК ұйымы жұмыс істейді, оның 17-і жеке меншік мекемелер.