Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң-авто» бөлімшесінде ортақ салмағы 6800 әртүрлі көгөніс өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз Ресейге өткізбек болған 4 қазақстандық, 200 кг балды және 350 тал раушан гүлдерін Ресейден Қазақстанға өткізбек болған екі Ресей азаматы ұсталды. Заңсыз тауар актіленіп, Мәртөк аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.
Сонымен бірге, Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде құжаттары дұрыс ресімделмегендіктен Ресейден әкелініп жатқан жалпы салмағы 3670 кг тоңазытылған теңіз өнімдері, «Тасқала-авто» бөлімшесінде Ресейге қарай 19000 кг темір сынықтары мен макулатура, Павлодар шекара отрядының «Үрлітөбе-авто» бөлімшесінде Ресейге қарай жалпы салмағы 57 600 кг пайдаланылған теміржол дөңгелектері Мемлекеттік шекарадан өткізілмей кері қайтарылды.