Кеше қала көшелерін тазалауға 70 арнайы техника тартылды. «Астана Тазалық» ЖШС ақпараты бойынша өткен тәулікте қардың 110 текше метрі қала сыртына шығарылды. 2018 жылдың 14 қарашасынан 2019 жылдың 2 сәуіріне дейін 25568,5 текше метр құм-тұз аралас қоспа шашылды. 16 қарашадан бүгінге дейін қардың 2 256 985 текше метрі жиналды.