Спорт • 03 Сәуір, 2019

Аяна Жолдас шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогінде үздік үштікке енді

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Аяна Жолдас шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогінің жалпы есебінде үшінші орын алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аяна Жолдас шаңғы акробатикасынан Еуропа кубогінде үздік үштікке енді

Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен соңғы кезеңде қазақстандық спортшы жарыс жолына шыққан жоқ. Десе де, 484 ұпаймен жалпы есептегі үшінші орнын сақтап қалды. 

Еуропа кубогінің қорытындысы бойынша 966 ұпай жинаған белоруссиялық Снежана Дребенкова көш басында.

19 жастағы спортшы қарсыластарынан қара үзіп кетті. Екінші сатыда оның тағы бір отандасы Яна Ярмошевич.