Алғашқы айналымда ол жергілікті ойыншы Ренато Сарасуаға сан соқтырды. 1 сағат 54 минутқа созылған бәсеке 7:5, 6:4 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде жерлесімізді өте қауіпті қарсылас күтіп тұр. Ол – Виктория Азаренко. 29 жастағы Беларусь елінің өкілі кезінде әлемнің бірінші ракеткасы атанған. Азаренко – Австралияның ашық біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы, АҚШ-тың ашық біріншілігінде екі рет финалға шықты, Ролан Гаррос пен Уимблдонда жартылай финалда өнер көрсетті, WTA турнирлерінде 20 мәрте топ жарды, Лондон Олимпиадасының жекелеген сайысында қола алса, аралас жұптар бәсекеде бас жүлдені олжалады. Қазіргі кезде ол әлемдік рейтинегте 67 орынды иеленуде.
Монтеррейдегі турнирдің алғашқы айналымында Виктория Азаренко жапониялық Мия Катоны 6:4, 6:2 есебімен қапы қалдырды.