Саясат • 03 Сәуір, 2019

Қазақстан мен ЕАЭО сауда әріптестігі 19 млрд доллардан асты

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан мен ЕАЭО сауда әріптестігі 19 млрд доллардан асты

Өткен жылы Қазақстанның  ЕАЭО елдерімен сыртқы саудадағы үлесі 19,1 млрд жеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы межемен салыстырғанда 10,1 пайызға ұлғайған. Тауарлар жиынтығында импорт көлемі 69,2 пайызды (13,2 млрд доллар)  құраса, отандық тауарлар экспорты 30,8 пайыз (5,9 млрд доллар) деңгейінде. finprom.kz мәліметтеріне сүйенетін болсақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында әріптестіктер аясындағы айналым 1,4 млрд долларды құраған.

Қазақстан және ЕАЭО қатысушы елдердің сауда айналымы  аймақтық әріптестердің инвестициялық белсенділігімен түсіндіріледі.  Тек өткен жылдың тоғыз айында ЕАЭО тарапынан ұлттық экономикаға шетелдік инвестиция ағымы 1,2 млрд долларды құраған.  Бұл салыстармалы кезеңмен алғанда 30,9 пайызға жоғары.

Таяуда мәлім болғанындай, ҚР СІМ және «Kazakh Invest» АҚ қолдауымен шетелдік компаниялардың қатысуымен құны 3,1 млрд долларды құрайтын 27 инвестициялық жобаның жүзеге асады. Нәтижесінде 6 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бүгінде аталған компанияның мониторинг жүйесінде 26 елдің шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 40 млрд АҚШ доллары көлеміндегі 157 жоба бар.

Одақ елдерінен келетін инвестиция көлемінің ұлғаюымен қатар үлес салмағы да артып келеді. Қазақстан экономикасына аймақтық әріптестер активтерінің ұлғаюы инвесторлардың жекелеген салаларға деген қызығушылығын білдіреді.  Шетелдік инвестицияның артуы өндіріс көлемі мен экспорттық әлеуетті көтеруге ықпал етеді деп бағалайды сала мамандары. 

  

АЛМАТЫ