Оған ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық іс-шара, сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша көшпелі экскурсиялар кіреді. Жоба аясында халықаралық ғылыми конференция, аймақтық кәсіби сессия, семинар-тренингтер, тақырыптық экскурсиялар, Қызылорда облысы бойынша көшпелі көрмелер мен экскурсиялар өтеді деп жоспарланып отыр.
Көрме жобасы Қызылорда қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығында 5 сәуірде жұмысын бастайды.
Сол күні Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі Мәдениет үйінде, 6 сәуірде Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі Мәдениет үйінде «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясы аясында көшпелі экскурсиялар мен көрмелер өтеді.
Көрме жобасының басты іс-шарасы 8 сәуірде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтетін «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрме қорының салтанатты түрде ашылуы болмақ.
Көрменің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев пенҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры А. Рахымжанов қатысады деп күтілуде.