Айтулы жарыста Ұлттық лиганың ең үздік төрт командасы жүлделі орындарды өзара сарапқа салуда. Жартылай финалда жеңімпазды анықтау үшін екі ойыннан өткізілді. Талдықорғанның «Жетісуі» Павлодардың «Ертіс-Қазхромын» қос кездесуде де қапы қалдырды. Алғашқы матчта 3:1 (19:25, 25:23, 25:20, 25:22) есебі тіркелсе, келесі бәсекеде дәл сондай нәтижемен аяқталды – 3:1 (25:14,16:25,27:25,25:17).
Келесі жартылай финалдық сайыста Өскеменнің «Алтайы» өзінің ізбассарларын, яғни «Алтай-2» клубын еш қиналмай ұтты. Бұл ойындарда 3:0 (25:13, 25:22, 25:16) және 3:1 (27:25,20:25,25:14,25:16) есептері тіркелді.
Осылайша, алдағы күндері «Алтай» мен «Жетісу» бас жүлде үшін таласады. Ал қола медаль үшін тартыс «Ертіс-Қазхром» мен «Алтай-2» командалары арасында өтеді.