Қазақстан • 04 Сәуір, 2019

«Turan Student Support Center» орталығы ашылды

766 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және жастар Жылына арналған іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде «Тұран» университетінде «Turan Student Support Center» - студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты өтті.

«Turan Student Support Center» орталығы ашылды

Ашылу салтанатына «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет департаментінің бастығы Серік Прімбетов, Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының жетекші маманы Жәнібек Сауытбеков, Республикалық деңгейдегі жастарға қолдау көрсерту орталығының басшысы Бақтияр Бақыткелдіұлы, басшының орынбасары Дидар Жандайбек қатысты.

Сапалы және жылдам қызмет көрсету мақсатында ашылған орталықта студенттердің өтініші бойынша транскриптер беру; оқу орнынан анықтама алу; пәндерге жазылу; академиялық демалыс алу, оқудан шығу, басқа мамандыққа және оқу түріне ауысу, жеке деректерді ауыстыру және басқа да сұрақтар бойынша өтініштерді қабылдау; білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарына және президенттік стипендияға құжаттар қабылдау; академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша конкурсқа құжат қабылдау; студенттер Үйіне тіркелу, орналасу және шығу; ID-карталарды, логин, құпия таңбаларды, «Оңай» картасын алу және қайта рәсімдеу;  әскери есепке тіркеу; әскери қызмет мерзімін ұзартуды қамтамасыз ету; әскери кафедрада оқуға бағыттау; әскери құқық мәселелері бойынша кеңес беру; жұмыспен қамту мәселесіне ықпал ету; кәсіби тәжірибеден өтуге бағыттау сияқты қызмет түрлеріне студенттер дүйсенбі-жұма күндерінде  ертеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін онлайн түрінде де жіберу мүмкіндігі қарастырылған.