Спорт • 04 Сәуір, 2019

ЖХЛ: «Сарыарқа» финалға шықты

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) Петров кубогының жартылай финалдық сайысының төртінші кездесуінде де жеңіске жеткен Қарағандының «Сарыарқасы» ақтық сынға жолдама алды.

ЖХЛ: «Сарыарқа» финалға шықты

Өз мұз айдынында Санкт-Петербургтің «СКА-Невасын» қабылдаған жерлестеріміз керемет ойын өрнегін көрсетті. Алғашқы екі шайбаны Айрат Зиазов (9 минут) пен Олег Ломако (26 минут) қақпаға дәл енгізіп, қарағандылықтарды алға шығарды. Бұл өздерінің соңғы мүмкіндігі екенін жақсы түсінген Нева жағалауынан келген жігіттер жеңіліп жатқандарына қарамастан, жанұшыра алға ұмтылды. Нәтижесінде екінші кезеңнің соңына дейін олар таразы басын теңестіріп кетті. Бұл голдардың авторлары – Александр Щербина (28 минут) мен Евгений Григоренко (32 минут).

Үшінші кезеңде де шиеленісті тартыс жалғасты. Бұл ретте жергілікті хоккейшілердің асығы алшысынан түсті. Бас-аяғы алты минут аралығында Максим Кицын (48 минут) мен Павел Махановский (54 минут) тағы екі рет нысананы дәл көздеді. Есеп – 4:2.

Осылайша, бииылғы маусымдағы тұрақты біріншіліктің жеңімпазын төрт ойында да ұтқан Қарағанының «Сарыарқасы» Петров кубогының финалына шықты.