23 Ақпан, 2012

Алаяқтың ақыры

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алаяқтың ақыры

Бейсенбі, 23 ақпан 2012 8:12

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің кри­миналдық полиция қызмет­кер­лері ел-жұртты бірнеше рет алдап, алаяқтық жолмен ақша тауып жүрген 34 жасар азаматты құрықтады. Қала дүкендеріне бас сұққан қолтығында қара пәпкісі бар әлгі әккі жігіт өзін «Өртке қарсы басқарманың қызметкері­мін» деп таныстырып, дүкен­дер­дің техникалық ақауларын анық­таған болып, хаттама толтырып, сатушылардан қомақты ақша алып отырған. Үстіміздегі жыл­дың 12 қаңтары күні осындай жымысқы әрекетін жүзеге асырып, «Көктем» дүкенінің қо­жа­йы­нынан жеті мың теңге, 16 қаңтар күні «Азия» дүкенінің иесінен он мың теңге және «Нұр» дүкенінен жеті мың тең­гені «айыппұл» ретінде алып, қара­сын батырған. Сөйтіп ол, араға бір апта уақыт салып, «Досааф» аялдамасындағы «ВТШ 24 часа» дүкенін «тек­серіп» жүріп, касса­дағы 42 мың теңгені жымқырып кеткен.

«Мың асқанға – бір тосқан» демекші, әккі алаяқ кезекті «қыз­меті» үстінде тәртіп сақ­шыла­ры­ның қолына түсіп, сол жерде қа­мауға алынды.

Фатихолла МАШТАҚОВ, Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.