Спорт • 11 Наурыз, 2019

Юрий Перцух: «Бәсекелестік – тәжірибе мен тың күш береді»

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы премьер-Лиганың алғашқы турында «Ақтөбе» командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Юрий Перцух: «Бәсекелестік – тәжірибе мен тың күш береді»
Осы кездесуде екінші таймның соңғы минуттарында алаңға шығып, елорда командасының төртінші голын соққан Юрий Перцух республикалық egemen.kz сайтының тілшісіне ойын соңында сұхбат берді.

— Біз жаңа маусымға барынша тыңғылықты дайындалдық. Оны біз суперкубок үшін өткен ойында және бүгінгі сенімді жеңіс арқылы көрсете алдық.

— «Ақтөбеге» қарсы ойын қандай әсер қалдырды?

— Мен ойынның басым бөлігін алаң жиегінен тамашаладым.Маған ақтөбеліктердің қалай допқа иелік еткендері ұнады.

— «Астана» сапындағы жоғары бәсекелестіктен қорықпайсыз ба?

— Бәсекелестік – әрқашан тәжірибе мен күш береді. Бұл маған көмектеседі деп ойлаймын.

— «Атырау» сапындағы маусым пайдалы болды дей аласыз ба?

— Иә. Бірінші кезекте мен ол жақта барынша көп алаңға шығып, ойын тәжірибесін иемдендім.

— Виктор Кумыков Сізге қандай ақыл-кеңес айтты?

— Біз ол кісімен өте жақсы жағдайда қоштастық. Бір-бірімізге сәттілік тіледік.

— Наурыз айының соңында Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Шотландия мен Ресей құрамаларына қарсы ойын өткізеді.Тәжірибелі қарсыластарға қарсы кездесулерде біздің құраманың ұпай еншілеу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

— Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ, біз бұл кездесулерде лайықты нәтижеге жету үшін барымызды салатын боламыз.

— Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Михал Билек туралы не айтасыз?

— Маған барлығы ұнады. Ол өте жақсы маман. Барлығын алдағы ойындар көрсетеді. Дегенмен, алғашқы ойыннан кейін ол маған мықты еуропалық бапкер ретінде көрінді.

— «Астанаға» чемпиондық атақты қорғау қаншалықты қиын болмақ?

— Барлығын маусым көрсетеді.

Еске сала кетейік, «Астана» футбол клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ».