Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейі, «Ғылым ордасының» конференцияны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырып отыр.
Қазақ ғылымының қайнарында тұрған, кеңестік және қазақ металлогения мектебінің негізін қалаған, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы, әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірі – Ұлытау-Жезқазған кен орнын тұңғыш ашқан Сәтбаевтың ғылым жолына арналған конференцияда отандық және шетелдік ғалымдар қатысуда.
Конференция аясында Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық музейі және «Ғылым ордасы» РМК ғылыми кітапханасының қорынан алынған көрме ұйымдастырылған.