Үкімет • 04 Сәуір, 2019

Премьер-Министр А. Мамин «Самұрық-Қазына» қорының Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

452 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Премьер-Министр А. Мамин «Самұрық-Қазына» қорының Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Отырыс барысында жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және түзету мәселелері талқыланды. Қордың тәуекелдерін басқару саясаты мәселелері бойынша есептер тыңдалып, ішкі бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары бекітілді. Сонымен қатар, Қордың қайырымдылық жұмысының қорытындысы шығарылып, сондай-ақ, бірқатар процедуралық мәселе шешілді.  

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ, «Павлодар әуежайы» АҚ тиісті облыс орталықтарының әкімдіктерінің коммуналдық меншіктеріне беру туралы шешім қабылданды. Аталған шешім көлік қолжетімділігі мен халық жұмылғыштығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңірлерді дамыту үшін әуежайлардың әлеуметтік маңызын ескере отырып қабылданды.

Қордың Компаниялар тобының негізгі қызметінен түскен кірістері 2018 жылы 35%-ға ұлғайтылғаны аталып өтті. Таза кіріс көлемі 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2 есеге өскен. Оң өндірістік қаржылық нәтижелер Қорға денсаулық сақтау, саламатты өмір салты, медицина, білім беру және қайырымдылық салаларында әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруға және кеңейтуге жол ашты.

Отырыс аясында Қордың қайырымдылық бағдарламасын орындаудың 2018 жылға арналған Жылдық есебі қаралды. Қор атынан қайырымдылық шараларын орындайтын оператор — Samruk-Kazyna Trust Корпоративтік қоры. 2018 жылы Корпоративтік қор 250 000-нан астам адамды қамти отырып, 5,5 млрд-тан астам теңгеге 32 қайырымдылық жобасын қолдады. Бағыттар келесі санаттарды қамтиды: әлеуметтік және медициналық секторларда адамдарға, қоғамдастықтарға көмектесу, медианы, мәдени қауымдастықты, адам әлеуетін дамыту, еңбек қатынастарын нығайту, қоғамның тұрақты дамуына инвестициялар, сондай-ақ, Қор тобы бар өңірлерде әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламаларын іске асыру.