04 Сәуір, 2019

ЕҰУ Times Higher Education рейтингісінде 301+ тобына кірді

573 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуразия ұлттық университеті ЖОО-лардың БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесін бағалайтын Times Higher Education University Impact Rankings 2019 жаңа рейтингіне кірді.

ЕҰУ Times Higher Education рейтингісінде 301+ тобына кірді

ЕҰУ «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу, сондай-ақ, "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» рейтингісінің көрсеткіштері бойынша 200-орынға енеді. Сол арқылы Times Higher Education компаниясы елордалық оқу орнының қарқынды дамуына және тұрақты экономикалық өсім, толық және өнімді жұмыспен қамтылуына, сонымен қатар, барлық жұмысқа лайықты жәрдемдесуіне жоғары баға береді. 

ЕҰУ-дің «Бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар» көрсеткіші бойынша жоғары нәтижесі жоғары оқу орнының тұрақты даму мүддесінде бейбітсүйгіш және ашық қоғам құруға, барлық деңгейлерде әділ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге және тиімді, есеп беретін және барлық деңгейдегі мекемелердің кең қатысуына негізделген тиімді жәрдемдесуін куәландырады.

 «Білім сапасы», "Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым", "Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік" үш көрсеткіші бойынша ЕҰУ 301+ позицияда тұр.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлем мойындаған мұндай рейтингке енуі тек оқыту мен зерттеу жүргізуге ғана байланысты емес, сонымен қатар, ішкі тәжірибе мен саясатты жүргізу арқылы тұрақты даму мақсаттарына бейілдігін көрсетеді.

Еуразия ұлттық университетінің студенттері арасында тұрақты даму саласындағы мақсаттарды жүзеге асыруға ұмтылысының бірі - Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі бойынша құрылған ЕҰУ клубы.

Бұл рейтингіге енуде Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізудегі жаһандық университеттердің жетістіктер өлшемі бірінші кезекте ықпал етті және оған әлемнің 75 елінен 500-ден астам мекеме қатысты. Бұл орайда ЖОО ақпаратынан бөлек Elsevier компаниясының деректері пайдаланылғанын да айта кеткен жөн.

400-ден астам университет өмір бойы оқу шаралары және бірінші буын студенттерінің үлесі туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынған.

«Times Higher Education» журналының бас редакторы Фил Бэйти аталған рейтингке қатысқан университеттердің қызығушылығын ерекше атап өтті.

"Рейтингке әлемдік рейтингтерде өздерін көрсеткен беделді зерттеу университеттерімен қатар, бұрын жаһандық рейтингтермен айналыспаған жаңа жоғары оқу орындары да қатысты. Бұл ретте, әсіресе, зерттеулерде қарқынды емес, бірақ жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген Дамушы елдердің университеттерін ерекше атап өту қажет", - деді Фил Бэйти.

Бұл орайда бұл рейтингке ЕҰУ-менқатар қазақстандық тағы бір ЖОО - AlmaU кіргенін айта кеткен жөн.


Алтынай ТҰЯҚОВА