Спорт • 05 Сәуір, 2019

Кирилл Герасименко Азия кубогіндегі алғашқы матчта жеңіске жетті

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Йокогама қаласында үстел теннисінен 32-ші Азия кубогі басталды. Қазақстандық Кирилл Герасименко алғашқы кездесуінде жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Кирилл Герасименко Азия кубогіндегі алғашқы матчта жеңіске жетті

Бірінші матчта Кирилл әлемнің 10-шы ракеткасы, командалық есептегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Янг Вуджинмен кездескен болатын. Тартысқа толы матчта 3:2 есебімен қазақстандық теннисші жеңіске жетті. 

Бүгін Герасименко тағы екі кездесу өткізеді. Оның бірі әлемнің бірінші ракеткасы әрі төрт дүркін әлем чемпионы Фан Жендогқа қарсы өтеді.