28 Наурыз, 2012

Сот отырысы басталды

362 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сот отырысы басталды

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:25

Кеше Ақтау қаласындағы «Ар­ман» жастар орталығында 2011 жылдың 16-17 желтоқсан күн­дері Жаңаөзен қаласында орын алған тәртіпсіздік оқиғасы бо­йынша сот отырысы басталды. Бұл қылмыс­тық процеске 6 мем­лекеттік айыптаушы, 12 қор­ғау­­шы, республика облыс­та­рын­дағы адвокаттар алқа­с­ы­ның мү­шелері, облыс про­ку­ра­ту­ра­лары­ның, бұ­қара­лық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысуда. Сот оты­ры­сы­ның төрағасы белгілі заңгер, Ақ­тау қалалық сотының судьясы Арал­бай Нағашы­баев­тың ай­туын­ша, сот отырысы ба­ры­сы­ның ашық­тығын, жария­лы­лығын, анық­­ты­ғын қамтамасыз етуге жағ­дай жасалыпты.

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:25

Кеше Ақтау қаласындағы «Ар­ман» жастар орталығында 2011 жылдың 16-17 желтоқсан күн­дері Жаңаөзен қаласында орын алған тәртіпсіздік оқиғасы бо­йынша сот отырысы басталды. Бұл қылмыс­тық процеске 6 мем­лекеттік айыптаушы, 12 қор­ғау­­шы, республика облыс­та­рын­дағы адвокаттар алқа­с­ы­ның мү­шелері, облыс про­ку­ра­ту­ра­лары­ның, бұ­қара­лық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысуда. Сот оты­ры­сы­ның төрағасы белгілі заңгер, Ақ­тау қалалық сотының судьясы Арал­бай Нағашы­баев­тың ай­туын­ша, сот отырысы ба­ры­сы­ның ашық­тығын, жария­лы­лығын, анық­­ты­ғын қамтамасыз етуге жағ­дай жасалыпты. Яғни, сот мәжі­лі­сінің барысы толық­тай ха­лық­тың көз алдында өтуі үшін екі залға телеэкран қойыл­ған. Сот отырысына 37 сотталушы, 100-ден астам жәбір­лену­ші мен 45 куәгер шақырылған. Айыпталушылар күш қолдан­ған­да­ры, қирату, өр­теу, бүлдіру, мүлік­ті жоюға ұлас­қан жаппай тәр­тіп­сіздікті ұйым­дастырғандықтары, би­лік өкіліне қатысты күш қол­дану, тонау­шы­лық және ұрлық жа­сағандары үшін Қылмыстық ко­декс­тің тиіс­ті баптарымен айыпқа тартылуда. Сот отырысы төраға­сы­ның мә­лім­деуінше, 30 тұлғаға қа­тыс­ты «қамауға алу» түріндегі бұл­тарт­пау шарасы, 7 тұлғаға «еш­қайда кетпеу және өзін-өзі дұрыс ұстау» шарасы қолданылған.

Сөйтіп, алғашқы күнгі сот отырысы түс қайта 15.00 сағатта бас­талды. Сотталушылардың жеке ба­сы туралы анықтамалар берілді. Оларға сот құрамы таныстырылып, сот мәжілісі жү­ру­дегі құ­қық­тары түсінді­рілді. Одан әрі қор­ғаушылар ой-пікір, өтініш талаптарын нақты дә­лел­дер ар­қылы біл­дірді. Сондай-ақ мем­лекеттік айыптаушылар бол­са, ад­вокат­тар­дың ой-пікіріне орай бар­лық та­лап-тілекті зерттеп, сали­қалы жауаптарын сара­лаған ертеңгі сот оты­рысында бере­тін­діктерін айтты. Ал ал­ғаш­қы күнгі осы оты­рыс­та жә­бір­ленушілер атынан сөз алған «Шолпан» атты үлкен дү­кеннің иесі кәсіпкер ана Бибатпа Жалғасбаева: «Қанша шығын шық­са да адамның бір тамшы қанына тұрмайды деп ойлаймын. Мен бәрін де кешіремін, азаматтарды босатуды сұрай­мын», – деген аналық ақ тілегін білдірді.

Сот отырысы ертең жалғасады.

Жоламан БОШАЛАҚ.

АҚТАУ.