Руханият • 05 Сәуір, 2019

Ботай мәдениеті туралы халықаралық ғылыми-тəжірибелік жиын өтті

1459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін VI Халықаралық «Фараби оқулары» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тарих, археология және этнология факультеті мен «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған «Ботай мәдениеті және Орталық Азиядағы энеолиттік ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы аяқталды.

Ботай мәдениеті туралы халықаралық ғылыми-тəжірибелік жиын өтті

Конференцияда дала өркениетінде алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігін дәлелі болып табылатын Ботай мәдениетінде ұзақ жылдардан бері тарих ғылымының докторы, профессор, Герман археологиялық институтының корреспондент мүшесі В.Ф.Зайбертің жетекшілігімен жүрген және әлемдік деңгейдегі жетекші ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері сараланды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Дания, Қытай, Германия, Литва, Италия т.б елдерден келген ғалымдар қатысты.

Сонымен қатар бұл конференцияда Ғылым жəне жоғарғы білім саласына сіңірген орасан зор еңбегі үшін Алан Оутрам мырзаға «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы» атағы берілді.