05 Сәуір, 2019

Базардағы сатушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы айтылды

657 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін қалалық №2 емхана қызметкерлері «Сары-Арқа» базарында ММС бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Базардағы сатушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы айтылды

Қызығушылық танытқандардың барлығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы мамандардан кеңес алды, оларға ақпараттық парақшалар, брошюралар таратылды.

«Біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының не екендігін, оның қазіргі кезде пайдаланылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қалай байланысты екенін, азаматтардың қандай медициналық көмекті ала алатынын айтамыз», – дейді қалалық №2 емхананың пациенттерді қолдау қызметі басшысының міндетін уақытша атқарушы, сарапшы-дәрігер  Людмила Павлюченко.

 Кеңес алуға келіп жатқандардың көбі – жалдамалы саудагерлер. 

Жалдамалы қызметкер үшін ММС-ды жұмыс беруші енгізеді. Осы жылы әр жұмыскердің кірісінің 1,5%, ал 2020 жылдан бастап 2% аталмыш мақсаттарға бағытталатын болады. Осы жылы жеке кәсіпкерлер өзі үшін төлемейді (тек жұмыскеріне ғана егер болса), ал келесі жылдан бастап олар ең төменгі жалақы мөлшерінің 1,4-інің 5% -ын (ең төменгі жалақы) құрайды. 2020 жылдан бастап жалдамалы қызметкерлер жалақыларының 1% -ын төлейтін болады.   

«Ал ешқайда тіркелмеген адамдар бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтарына баруы керек. Егер оларға жұмыс тауып берілсе, МӘМС жарнасын олар үшін жұмыс беруші төлейді. Ал егер олар жұмыссыз болып тіркелсе, оларға мемлекет төлейді. Бұлай болмаған жағдайда, олар өз-өзін қамтып отырғандардың қатарына жатқызылады да, келер жылдан бастап ММС-ға ең төменгі айлықтың 5% төлеп отырады», – деп түсіндірді Л. Павлюченко.  

«Төлемеген адам ММСҚ міндетті сақтандыру бойынша медициналық қызмет ала алмайды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі сақталады және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты халыққа неғұрлым озық медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын болады. Оған МРТ, КТ, түрлі қымбат клиникалық диагностикалық зерттеулер кіреді. Егер адам медициналық сақтандыру жүйесіне қатысса, онда бұл қызметтер тегін болады». 

Біздің клиникаға келіп жатқан қала тұрғындарына кем дегенде, медициналық сақтандыру негіздерін түсіндіруге тырысамыз. Біздің аумағымызда бірнеше базар бар, біз оларды біртіндеп аралап өтеміз. Ертең, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін біз «Әсемде», одан кейін «Шапағат» пен «Әлем» сияқты сауда нысандарын аралаймыз», – деді сарапшы-дәрігер.