05 Сәуір, 2019

Атыраулықтарға мыңдаған​ көшет​ тегін таратылады

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және​ ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің​ баспасөз қызметі.

Атыраулықтарға мыңдаған​ көшет​ тегін таратылады

Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құтұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттерді тегін беру ұйымдастырылады. Аталмыш акция облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған.

- Қаланы көгалдандыру – жергілікті билік органдарының ғана емес, Атырау тұрғындарының да басты міндеттерінің бірі. Жыл сайын ағаштар бір жерге отырғызылады, уақытында суарылмайды және дұрыс күтім жасалмайды деген қала тұрғындарының шағымдары әлеуметтік желілерде жиі кездеседі.  Бұл жолы біз тұрғындарға  бастама көрсетіп, көшеттерді өздері қалаған жерге отырғызуды ұсындық, - деді қалалық үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Ұзақ Тұсаев.

Көшеттерді тарату барысында тұрғындарға ағаш отырғызу ұсынылатын жерлер ескертіледі. Бұл, негізінен, қаланың әлеуметтік мекемелері – балабақшалар, мектептер, емханалар және ауруханалар.

Көшеттерді тарату акциясы 18 және 19 сәуірде «Арнаулыавтобаза» ЖШС аумағында, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.  Ағаштарды отырғызу – сенбі, 20 сәуірге жоспарланып отыр.

16 наурызда Атырауда екі айлық санитарлық-тазалық науқаны басталды. Егер бұған дейінгі жалпықалалық сенбіліктер«Таза жағалау» акциясы аясында өтсе, келесі сенбіліктероблыс орталығынкөгалдандыруға арналады.