29 Наурыз, 2012

Сот отырысы жалғасуда

298 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сот отырысы жалғасуда

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:54

Кеше Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында Жаңа­өзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасына орай 37 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қараған сот отырысы екінші күн жалғасты.

Адвокаттар қорғаушылар ретінде сот­­талушылардың талап-тілектерін жә­не олардың нақтылығы жөнінде баян етті. Сот мәжілісінің төрағасы А.На­ға­­­­шыбаев қорғаушылардан 10 іс бойынша өтініштер түскендігін, оның бәрі де сараланып, заң бойынша жүзеге асы­ры­­­ла­тындығын жеткізді.

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:54

Кеше Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында Жаңа­өзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасына орай 37 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қараған сот отырысы екінші күн жалғасты.

Адвокаттар қорғаушылар ретінде сот­­талушылардың талап-тілектерін жә­не олардың нақтылығы жөнінде баян етті. Сот мәжілісінің төрағасы А.На­ға­­­­шыбаев қорғаушылардан 10 іс бойынша өтініштер түскендігін, оның бәрі де сараланып, заң бойынша жүзеге асы­ры­­­ла­тындығын жеткізді. Сонымен бір­ге дә­­­лелсіз, негізсіз талап-тілектер заң­дық не­­­­гізде болуын, сотты құрмет­теуді сұра­ды. Одан әрі сот отырысында қаты­су­­­­шы­­­­­лар­ға сотталушыларға тағылған ай­­­ып­­тардың мазмұны таныстырылды. Жә­­­не де сот мәжілісінің төрағасы әрбір сотталу­­­шы­ларға тағылған айыптардың мазмұны жөніндегі көзқарастары туралы сөйлеу­­­леріне мүмкіндік болатын­ды­ғын ескерт­­­ті. Сосын ұсынылған дә­лел­демелерді зерттеу барысы туралы пі­кірлер тың­­­далатындығы айтылды. Бұл мәселе бойынша қорғаушылар, мемле­кет­тік айыптаушылар пікірлері ортаға салынды. Кешегі іс бойынша 37 сотталушы, 188 жәбірленуші, 45 куә қатыс­ты. Және 93 томдық құжат бар екендігі айтылды. Сот ісін жәбірленушілерден бастау ұсыныл­­­ды. Оны тергеу әре­кет­тері нәтижесімен жалғастырылып, 93 томдық құжаттарды да назарға алсақ деген пікір айтылды. Бұл ұсынысты сот отырысының төрағасы мақұлдап келі­сімін берді.

Сот отырысындағы бірінші болып жәбірленуші «Өзенмұнайгаз» өнді­ріс­тік филиалының өкілі, адвокат Рашид Сәулебаевқа сөз берілді. Ол 2011 жылғы 16-17 желтоқсандағы Жаңа­өзен­дегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген зиян көлемін және сол оқиғаға байланысы «Өзенмұнайгаздан» бүгін қылмысты істері қаралудағы 18 қыз­меткер бар екендігін айтты. Жалпы, осы отырыста барлығы 14 жәбірленуші сұралды. Олардың арасында жеке кәсіпкерлер, дүкендер мен автокөлік иелері, мерекеге орай киіз үйлерін тіккен жеке тұлғалар болды.

Ақтаудағы осы сот отырысына арнайы келген Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов БАҚ өкіл­де­рі­мен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Сот отырысының жүру барысы туралы пікірін білдірді. «Баршаңыз да көріп отырғандай, сот отырысы ашық, жа­риялылық жағдайында өтуде. Үлкен залда айыпталушылардың туған-туыс­қандары, жолдастары, қоғамдық ұйым­дардың өкілдері отыр. БАҚ өкілдері жұмысына да жағдай жасалыпты. Ма­ған осы сот отырысының жүру барысы туралы арыз-шағым, ұсыныс түскен жоқ. Менің ойымша сот әділ өтеді, кімнің қандай айыбы бар екендігі дәл анықталып, дұрыс шешім шығарады деп сенемін», деді Мәжіліс депутаты.

Жоламан БОШАЛАҚ.

АҚТАУ.