03 Сәуір, 2012

Сот отырысы. Екінші апта

359 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сот отырысы. Екінші апта

Сейсенбі, 3 сәуір 2012 7:37

Кеше Ақтауда өткен жылдың 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен қаласында орын алған оқиға­лар­ға байланысты басталған сот отырысының екінші аптадағы мәжілісі одан әрі жалғасты.

Бұл күні де сот отырысы дәл белгіленген уа­қытында басталды. Сот залына процеске қатысу­шы­лармен қатар сотталушылардың туыстары, дос-жолдастары, халықаралық, республикалық бақы­лау­шылар орналасса, арнайы жабдықталған қо­сал­қы залда сот отырысын көруге ынта білдіргендер, сондай-ақ баспасөз өкілдері де толық болды.

Отырыс басында төраға А.Нағашыбаев 37 сотта­­­­лушының ішінде 10 адамның денсаулығында түрлі деңгейде кінәрат барлығына байланысты соттың ұсынысы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы дәрігерлік комиссия құрылып, оның құрамына аймаққа белгілі, білікті мамандар тартылғандығынан хабардар етті. Содан соң қорғаушылар тарапынан түскен сот отыры­сының хаттамасымен күнделікті танысып отыруға рұқсат беру жөніндегі өтініш қана­ғаттандырылды.

Одан әрі сот отырысы жәбірленушілерді тың­дау­мен жалғасты. Отыздан астам жәбірленуші сөз алды. Олардың көбі жеке кәсіпкерлер, автокөлік пен ша­ғын дүкендердің, халыққа қызмет көрсету орын­да­рының иелері болды. Осы жерде риза­шы­лықпен атап айта кетерлігі, олардың көбі өздеріне келген шығындардың мөлшеріне қарамай қылмыс­тық іске байланысты берген талап-арыздарын қайтып ала­тын­дықтарын және де өздерінің енді осындай сәт­тердің куәсі болмайық деген риясыз көңілден шық­қан сөздерін жеткізулері еді. Бұлар­дың арасында өз­дері де бұл күндері жұмыссыз кәсіпкер Г.Бай­ма­ған­б­е­тов, Р.Қабиева, Д.Абаджанова, Ш.Бекбосынова және басқалары бар. Ал ауруханада ота жасалып келе алмаған абзал ана Ә.Сәрсенованың қызы Ә.Жай­шы­лықова сот отырысына сенімхат әкелді. Үлкен киім-кешек дүкенінің иесі қанша дүние-мүлігі өртеніп, қолды болса да «Бала-шағамыз, халқымыз аман болсын, дүние-мүлік үшін берілген талап-арызды қай­тып аламыз», – деп елдіктің үлгісін көрсетіпті. Жалпы абзал аналардың, қыз-келіншектердің осы күнгі адам­гершілікке толы ақ пейілдері туралы сот отырысын бақылап отырған бір топ ақсақал ағалар мұны жоғары бағалап, бұл елдіктің белгісі, түбі қайыр болатын шығар деген ризашылық сезімдерін біл­дір­ді. Біз де сондай үкілі үмітпен тарқастық. Әри­не, шын айыптылардың заңға сәйкес жазасын алуы да әділдік болмақ. Өйткені, заң баршаға бірдей.

Жоламан БОШАЛАҚ,

Ақтау.