Әлем • 08 Сәуір, 2019

ТМД аясындағы тағы бір кездесу

1174 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түрікменстанның төрағалығымен Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

ТМД аясындағы тағы бір кездесу

Іс-шара барысында сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Достастық аясындағы өзара іс-қимыл­дың өзекті мәсе­ле­­лерін талқылады. Негіз­гі назар ТМД-ға қатысушы мем­ле­­кет­т­ердің қазіргі заманғы қауіп-қатер­­лерге қарсы тұру жөніндегі ынтымақ­тастығын нығайтуға, сондай-ақ эконо­ми­калық, мә­дени-гумани­тарлық және ғылы­ми-техникалық сала­лар­дағы өзара іс-қимылды кеңей­ту­ге ауда­ры­лды.

Делегация басшылары 2018 жылы ТМД шеңберінде көп деңгейлі СІМ-аралық консультациялар жоспарын іске асыру қорытындылары туралы есепті тыңдап, 2019 жылға арнал­ған жаңа Жоспарды бекітті. Бұл құжатқа сәйкес, сыртқы сая­си жоспар­лауға, қазіргі за­ман­­­ғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл­ға, қарусыздану тақы­­­рыбы­на, экономикалық ын­ты­­­­­мақтас­тықты дамытуға, ақ­па­­­раттық саладағы өзара іс-қи­мылға, сондай-ақ БҰҰ, Еуро­­падағы қауіпсіздік және ынты­­­мақтастық ұйымы және Еуро­­па Одағы сияқты ха­лық­а­ра­лық ұйымдармен ынты­мақ­тас­­тыққа қатысты кеңес өткізу жоспарланған.

Қазақстан сыртқы саясат ведом­ство­сының басшысы бір­лес­­­кен жұмыстың арқасында Қазақ­­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД-ның қазіргі заманғы жағ­дай­­ларға бейімделуі тура­­лы бастамасы табысты іске асырылғанын атап өтті. Нәти­­жесінде соңғы уақытта қа­ты­­су­шы мемлекеттердің ұйым қыз­ме­тіне мүдделілігінің айтар­лықтай өсуі байқалады.

Сонымен қатар Достас­тық­­қа қаты­су­­шы мемлекеттер басшы­ла­ры­ның нұс­қауларына сәйкес ТМД ел­дерінің эко­но­­­­микалық сала­дағы өзара іс-қи­мы­­лын жан­дан­дыру қажет­тілігі атап өтіл­ді. Себебі соңғы жылдары ТМД ұйы­мы тек кеңесу ұйымы­ның форматынан әрі шыға алмай қалды. Оған қоса, Украинаның бұл ұйым­ды тастап шығуы да қауым­дастыққа абырой әкелмеді. ТМД ұйымының тиімділігін жандандыру мәсе­ле­сі бұған дейін де президенттер кездесуінде де талай көтерілді. Алайда нақты нәтиженің шық­қа­ны шамалы. 

Қазақстан СІМ басшы­сы сондай-ақ Тәжікстан Респуб­ли­касының 2018 жылы Достас­тық­тағы төрағалығының қоры­тын­дысына жоғары баға беріп, оның өте мазмұнды және же­­міс­ті болғанын атап өтті. Оған қоса, Қазақ­стан тарапы Түрік­мен­стан­ды ұйымға төраға­лықтың қабылдануымен құт­тық­тап, түркімен тара­пы ұсынған төраға­лық тұжырым­да­масын табысты іске асыруға жан-жақты жәр­демдесуге дайын екендігін білдірді.

Отырыс барысында делегация басшылары бірнеше салада ұжымдаса әрекет етуге уағдаласты. Ол іргелі зерт­теулер саласындағы мемле­кет­аралық қатынастарды үйлес­тіру, мұражай ісі сала­сын­дағы ынтымақтастық, бас бостан­ды­ғы­нан айырумен байла­нысты емес жазалардың орындалуы мәселелері. Бұл сұрақтарға қатыс­ты халықаралық шарт­тар­дың жобалары мақұлданды.

Сыртқы істер министрлері 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғы­сының әс­кери жерлеу орындары мен әс­ке­­ри ескерт­кіш­теріне тиісті күтім жасау және сақтау қажеттілігі туралы Үндеу қабылдады, сондай-ақ Екінші дүние­жүзілік соғыс басталуының 80 жыл­дығына байланысты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының мәлім­демесінің жобасын мақұл­дады. Яғни ТМД аясын­да­ғы ынтымақтастық әлі күнге мәдени, рухани, тарихи, гумани­тар­лық байланыс шеңберімен шектеліп отыр. 
ТМД Сыртқы істер минис­тр­­­ле­рі кеңесінің кезекті оты­ры­сы Ашғабадта 2019 жылы 10 қазанда өтеді.