12 Сәуір, 2012

Жалған кәсіпкерлік жарға жықты

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жалған кәсіпкерлік жарға жықты

Бейсенбі, 12 сәуір 2012 7:17

Кезінде жеңіл олжа көкейін тесіп көл-көсір бай­лықты жымқырған Е.Қартбаевқа қатысты қыл­мыстық істі тергеуді Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жем­қор­­­­лыққа қарсы күрес департаменті аяқтады. Бұл 2008 жылдың маусымы – 2009 жылдың сәуірі ара­лығында Ақтөбе қаласында өзгелермен топ құрып, ұйымдасып мол қаржыны қолма-қол ақшаға ауыстыру мақсатында және өзіне мү­ліктік пайда табу әрі контрагент-кәсіпорындарды бюджетке салық және міндетті төлемдерді тө­леуден босату үшін “Байтерек Строй Сити” ЖШС коммерциялық ұйымын құрып, есеп шоты арқылы тауарсыз операцияларды жүзеге асыр­ған. Сөйтіп, мемлекетке 9,8 млн. теңге мөлше­рін­де ірі залал келтірген.

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Е.Қарт­баев ҚК-нің 28-бабы 5-бөлімі бойынша қылмыс жасауға жәрдемдескені, ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі «б»-тармағы бойынша жалған кәсіп­кер­лік­пен ай­на­лысқаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға шартты түрде (2 жылға сынақ мер­зі­мі­мен) бас бос­тандығынан айыру жазасы тағай­ын­далды. Сөй­тіп, алаяқ айласын асыра алмады. Енді қолмен жасағанды мойынмен көтеру­ден басқа жол жоқ.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ.

Ақтөбе облысы.