Спорт • 08 Сәуір, 2019

Екі қазақстандық спортшы маунтинбайктан турнирде жүлдеге ілікті

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда маунтинбайктан халықаралық Gaziantep MTB Cup рейтингілік жарысы аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Екі қазақстандық спортшы маунтинбайктан турнирде жүлдеге ілікті

Турнирге жалпы есебі 40 спортшы қатысқан. Олардың арасында Қазақстан өкілдері де бар. 

Маунтинбайктан құрама көшбасысы, Азия ойындарының қола жүлдегері Кирилл Казанцев жарыстың күміс жүлдегері атанды. Тағы бір отандасымыз Шәкір Әділов үшінші орыннан көрінді. 

«Екі жарым айдан бері Түркияда жаттығу жиынын өткіздік. Міне, биылғы маусымдағы алғашқы жүлде де қоржынға түсті. Әрине, ештеңе оңай келмейді. Үйіңе, еліңе қайтқың келетін кездер көп. Бәрі ойлағанымдай болған жоқ, десе де, біз үнемі жоғары нәтижелерді мақсат етеміз. Сол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етіп, жаттығамыз. Бізге қолдау көрсеткен жандарға көп рахмет», - дейді Кирилл Казанцев. 

Еске сала кетейік, маунтинбайктан Қазақстан командасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.