14 Сәуір, 2012

Көкейде жүрген ой еді

370 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көкейде жүрген ой еді

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:41

Театр киім ілгіштен бас­талса, әділдік пен ар таза­лы­ғы, кәсіби деңгей мен мо­раль­дық бітім-болмыстың биі­к­­тігі, ең алдымен, осы әділ­­дік пен заңдылықты қорғауға тиісті қызметкерлердің өзі­нен бас­талуға тиіс. Егер ра­сын­да да, ­олар атқарып жүр­ген қыз­метіне сай болмаса, бүгінгі биік талаптар үдесі­нен көрі­не алмаса, қоғам мү­шелері мен жұртшылық ара­сында әртүрлі түсінбестіктер туындайды.

 

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:41

Театр киім ілгіштен бас­талса, әділдік пен ар таза­лы­ғы, кәсіби деңгей мен мо­раль­дық бітім-болмыстың биі­к­­тігі, ең алдымен, осы әділ­­дік пен заңдылықты қорғауға тиісті қызметкерлердің өзі­нен бас­талуға тиіс. Егер ра­сын­да да, ­олар атқарып жүр­ген қыз­метіне сай болмаса, бүгінгі биік талаптар үдесі­нен көрі­не алмаса, қоғам мү­шелері мен жұртшылық ара­сында әртүрлі түсінбестіктер туындайды

Сөз жоқ, үлгілі, ала жіпті аттап өтуге ар-ожданы жібер­мейтін құқық қорғау қыз­мет­керлері жетерлік. Сонымен бір­ге, бес саусақ бірдей емес дегендей, олардың арасында өздері қызмет істеп жүрген органның абыройы мен беде­ліне дақ түсіретіндері де кез­де­седі. Міне, осындай өресі төмен, ойы шолақ қызмет­кер­лер­ді кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы Елбасы Жар­­лығы көкей­де жүрген ойымызды дөп басқандай болды.

Жарлық жолдарымен таны­сып шыққан кезімізде оның бұ­ған дейінгі аттестаттау та­лап­тарымен салыстыра қара­ған­да бірнеше артықшылық­та­ры мен өзгешеліктері бар екенін байқадық. Оның бірінші ар­тықшылығы, жалпыхалық­тық сипат алатыны дер едім. Өйткені, аттестаттау жөніндегі барлық комиссиялардың құ­рамына жұртшылық пен партиялар, ардагерлер ұйымдары мен БАҚ өкілдері кіреді екен. Бұл жәйт аттестаттаудың мәр­тебесін, өрісі мен шеңберін ұлғайтып, жауапты істе жа­рия­лылықтың кең түрде салтанат құруына септігін тигізе алады. Сондай-ақ, аттестат­тау­дың үш кезеңнен тұруының өзі де оның жауапкершілігі мен сал­ма­ғын көтере түседі деген ойдамын.

Кез келген қоғамды жегі құрттай кеулеп жеуге бейім тұ­ратын жемқорлық дертімен кү­рестің мәні мен маңызының әрі сапалық деңгейінің ар­туы­на да республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шығар­ған Жарлық көмектесе алады деп санаймыз. Өйтке­ні, сенген қойым сен болсаң дегендей, тамыр-таныстық пен жең ұшынан жалғасу кө­рі­ністері өзге емес, құқық қор­ғау қыз­меткерлері ара­сын­да орын алатын болса, қоғам үшін аса қауіпті.

Түйіп айтқанда, отан­шыл­дық сезімі жоғары, адам­ның құқықтары мен заңды мүд­делерін қорғау ісінде қашан­да қағидатты көзқарас таны­та білетіндер ғана орган абы­ройын асқақтата алады. Осы­нау орны бөлек аттестация жоғарыда айтылғандай, ла­йық­ты қызметкерлерді ірік­теп, сүзгіден өткізеді деген сенім мол.

Жеңіс ХАФИЗОВ, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы жанындағы ардагерлер ұйымының төрағасы.

ОРАЛ.