Қазақстан • 09 Сәуір, 2019

Дәстүрлі тау-кен геологиялық форумы

1067 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында МАЙНЕКС Қазақстан мерейтойлық Х тау-кен геологиялық форумы өтті. МАЙНЕКС форумы Қазақстанда 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл форум Орталық Азия аймағында ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі өкілетті салалық іс-шаралардың бірі болып саналады.

Дәстүрлі тау-кен геологиялық форумы

Форумға жыл сайын­ 300-­ден астам тау-кен метал­лур­гиялық компаниялар, са­лалық министрліктер, ин­вес­тициялық компаниялар мен банктер, сервистік компаниялар қатысады. Бұл жолы форум жұмысына Қазақстаннан және 20-дан астам алыс және жақын шет­елдерден тау-кен саласына жабдық өнді­ру­ші­лердің өкілдері жиналды.

Форумның салтанатты­ ашы­луында Индустрия жә­не ин­фрақұрылымдық да­му­ вице-министрі Тимур Тоқтабаев сөз сөйлеп, жер қойнауын пайдалану саласында жүргізіліп жатқан ре­формалардың, атап айтқан­да, «Жер қойнауы және жер­ қойнауын пайдалану­ туралы» кодексті іске асы­ру­дың­ қорытындысын атап өт­­ті. Мәселен, өткен жыл­дың­ 29 маусымынан бас­тап жер қойнауы туралы ко­дексті қолданысқа енгізу ке­­зеңінде Индустрия және ин­­фра­құрылымдық даму ми­нистрлігі тарапынан «бірінші өтінім» қағидаты бойынша ли­цензия алуға 100 мыңнан ас­там блок қойылды және қат­ты пайдалы қазбаларды барлауға 45 лицензия берілді.

Сондай-ақ форумда жер қойнауы туралы кодекстің негізгі жаңалықтары мен әлем­­дік озық тәжірибе не­гізін­де жер қойнауын пайда­лану саласын реформалау жө­­ніндегі алдағы жоспарлар айтылды.

«Жер қойнауы туралы ко­дек­сті енгізу нәтижесі 2018­ жыл­дың басында­ шыға­рыл­­­ған Фрейзер инс­титуты­ өткі­зетін жыл сайынғы «шолуда» көрініс тапты. Шо­луда жүргізілген реформа­лардан кейін Қазақстан инвес­тиция­лық тартымдылық ин­дексі бойынша 91 заңдық құ­зырет арасында 24-орынды ие­леніп, өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 49-сатыға кө­те­рілгені көр­се­тілген. Сондай-ақ Қа­зақ­станның әлемдегі 15 же­тек­ші юрисдикция қата­рына енуге нақты әлеуеті бар екені байқалды» деп атап өтті Т.Тоқтабаев.

Вице-министр сондай-ақ форумның бірінші пленарлық сессиясында­ жер қойнауын пайдалану саласындағы заң­на­ма­ны жетілдірудің өзекті мә­селелері бойынша баяндама жасады.

Форум жұмысы аясында Қазақстанның жер қойнауын пайдалану сала­сын­дағы заң­намасын жетіл­дірудің өзекті мәселелері, геологиялық жа­ңалықтардың перспективалары, Қазақстан­дағы және Орталық Азия ел­деріндегі іздеу жо­баларын дамыту, тау-кен өн­діру саласындағы «жасыл» эко­номиканы да­мытудың прак­­тикалық ас­пектілері, кә­­сіп­орындарды цифрлы транс­формациялау, сондай-ақ құбылмалы құ­қықтық алаңда инвестиция тарту­ мен тау-кен жобаларын қар­­­жыландырудың жаңа мүм­­кіндіктері бойынша тал­қылаулар жүргізілуде.