«Қаржы Орталығы» АҚ президенті Асқар Ибрагимов 2013 жылғы 14 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – халық үшін банкте өзінің оқуына немесе балаларының болашақта оқуына ақша қаражатын жинақтап, оған банктен және мемлекеттен 5 пен 7 пайызға дейінгі мөлшерде сыйақы алуға берілген мүмкіндік екенін жеткізді. Оның айтуынша, МБЖЖ 2018 жылы «Aqyl» деп аталатын өзінің жеке брендін алды. Аталған бағдарлама қолданысқа енгізілгелі 2 ,5 млрд теңге сомасына мемлекет сыйақысы аударылған. Сонымен қатар бұл сома көлемі жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2015 жылы 656 салымшыдан 4 млн теңге жинақталса, 2019 жылғы есеп бойынша 15 636 салымшыға
Ал «Қаржы Орталығы» АҚ департамент директоры Біржан Әлімжанов: «Халқымызда жақсы сөз бар. «Бір жылдығын ойлаған ел бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған ел ағаш егеді, ал мың жылдығын ойлаған ел саналы ұрпақ тәрбиелейді». Сіздерге ұсынып отырған бұл бағдарламаның мәні мен мазмұны да осы қанатты сөздің аясында болып отыр. Әр ата-ана баласының білімді болғанын қалайды. Ал осы бағыт өз кезегінде сол мүмкіндікке қол жеткізуге, бала болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді», дей келе, депозит ашуға ниетті азаматтардың қай банкке баруға болатынын атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, МБЖЖ салымдарын Халық банкі (10,4%); Цеснабанк (8,3%); Нұрбанк (10,5%); ВТБ банк (6,2%) банктері арқылы ашуға болады.
Сонымен бірге Б.Әлімжанов «Aqyl» депозиттерін ашуға қажетті құжаттардың аз екенін және алғашқы салатын сома да азаматтардың әлеуметтік жағдайына сай, яғни 7575 теңгені құрайтынын айтты. Оның мәлімдеуінше, депозиттер үшінші тұлғалардың ақшаны өндіріп алу шараларынан қорғалған әрі 10 млн теңгеге дейінгі сомада мемлекет тарапынан кепілдендірілген.
«Aqyl» депозиттерінің алғашқы салымшылары бүгінде студент атанып үлгерген. МБЖЖ салымдарының есебінен білім алып жүрген студенттерге мониторинг жүргізу нәтижесінде 489 салымшының отандық әрі шетелдік колледждер мен ЖОО-ларда білім алып жатқаны анықталды.