Аймақтар • 09 Сәуір, 2019

Солтүстік Қазақстан облысында «ашық бюджет» жобасы енгізіледі

1017 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық әкімдіктің отырысында «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы талқыланды.

Солтүстік Қазақстан облысында «ашық бюджет» жобасы енгізіледі

Оның  аясында бірқатар жаңашылдықтар қамтылатын болады. Солардың бірі–«ашық бюджет» жобасы.  Осы арқылы жұртшылық әкімдіктердің интернет сайттарында бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанын көріп, салық төлеушілердің ақшасы қайда бағытталатынын бақылай алады. Интерактивті карта жасалып, ол жерде құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу барысын қадағалауға  мүмкіндік туады.

Бұл жобалар аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың тарапынан  қолдау тапты.

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұсыныстарын қолдаймыз. Бізге үш бағыт бойынша жұмыс жасау керек: атап айтқанда, мемлекеттік қызметтер көрсету, электрондық жүйеге көшу және құрылыс, жөндеу жұмыстарын қадағалау. Елбасының тапсырмасына сай биыл өңірде әлеуметтік нысандарды жөндеуге қыруар қаражат бөлінбек. Оның барлығын тексеріп, қадағалап отыру қажет. Жергілікті әкімдіктердің сайттарында «ашық бюджет» жобасын іске қосып жатырмыз. Әр адам бюджеттің қалай игеріліп жатқанын көре алады», деді Құмар Іргебайұлы.

Аудан әкімдері және басқарма басшыларының әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашуы да  мемлекеттік органдардың ашықтығын, азаматтардың өтініштерін жылдам қарауды қамтамасыз етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы