Саясат • 09 Сәуір, 2019

Президент сайлауы 9 маусымда өтеді

9418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жариялаған үндеуінде Президент сайлауының қашан болатынын мәлімдеді.

Президент сайлауы 9 маусымда өтеді

«Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым», деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, Қазақстан Президенті қызметіне ресми кіріскен еді.