Президент • 10 Сәуір, 2019

Өтпелі кезең тым ұзаққа созылмауы тиіс

1363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Телеграм аккаунтында алдағы сайлау туралы өзінің пікірін білдірді. Оның ойынша сайлауды кезектен тыс өткізудің төрт себебі бар екен.

Өтпелі кезең тым ұзаққа созылмауы тиіс

Біріншісі – геосаясат. Елба­сы­ның өз өкілеттігін тоқта­туы көпшілік үшін күтпеген жағ­дай болды. Қытай елшісі ел бас­шылығымен алғашқы күндері бес рет жолыққанын еске алуға болады. Яғни, бізге әлемдік изоляцияда да, стратегиялық екіұдайлықта да қалуға болмайды. Бұл сыртқы күштердің ішкі ісімізге араласу қаупін туғызады.

Екіншісі – инвестициялық және бизнес климат. Отандық және әлемдік бизнес бұған дейін қабылданған «ойын ережелерінің» тағдырын күтіп отыр. Олар не жалғаса беруі қажет, не мүлдем жаңа ережелер қабылдануы тиіс. Айтпақшы, ішкі инвестициялар былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе азайған. 

Үшіншісі – саяси истеблишмент пен мемлекеттік аппараттың бірлігі. Біздің элита белгісіздік жағдайында тиімді жұмыс істей алмайды. Егер өтпелі кезең созылып кетсе, онда мемлекеттік аппарат пен элита бағдарсыз қалуы мүмкін. Сәйкесінше, сайлауды келесі жылға дейін қалдырса, қоғамда тұрақсыздық орнауы ғажап емес. 

Төртіншісі – сайлау жағдайды тыныштандыруға, 2001 жылғы жікке бөлінуді ұмытуға, саяси-партиялық жүйені қайта жасақтауға жақсы мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде бес-алты тұлға өзінің партиялық амбициясы жайлы мәлімдеуге даяр. Бұл сайлау – оларға да мүмкіндік.