Қоғам • 10 Сәуір, 2019

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялау мәселесі талқыланды

1293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда өткен Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясы, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның экспортқа бағдарланған индустрияландырудың негізі ретінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жаратылыстану ғылымдары, минералды шикізатты кешенді өңдеу саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер мен өңдеуші сектордағы инновациялық мәселелерге қатысты мамандар пікірі сараланды.

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялау мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Баспасөз деректері бойынша, кәсіби мамандар жиынында Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Швейцария, Германия және БАЭ елдерінен қатысқан екі жүзден астам сала мамандары осы бағыттағы кешенді мәселелерді ортаға салды.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, академик Әбдірәсіл Жәрменов ашып,  Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының құрылғанынына 10 жыл және Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының құрылғанынына  25 жыл толып отырғанын тоқталып, саладағы жетістіктер барысын атап өтті.

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ы ғалымдары жасаған технологиялар халықаралық кеңістікте еліміздің беделін арттырумен қатар тұрақты изотоптар өндірісінің үштік көшбасшы тізіміне енгізген  осмийлі концентраттарды өңдеуде ең таза осмий-187 изотопын алу технологиясындағы жетістіктері, деп атап өтті. Мұның қатарында түрлі континенттерде сапасы төмен қорғасынқұрамды шикізаттан балқытылатын  біріншілік қорғасынның оныншы үлесін өндіріп отырған КИВЦЭТ технологиясы мен дүние жүзінің көптеген елдерінде  патенттелген және әлемдік металлургия алыбы Thyssen Krupp AG және  POSCO компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылып отырған болатты қышқылсыздандыруға және модификациялауға арналған «қазақстандық» қорытпасын алу технологиясы бар.  Республикада асыл металдың әр үшінші тоннасын алуды қамтамасыз етіп отырған құрамында алтыны бар шикізаттарды өңдеудің бірегей технологиялары бүгінгі өндірістің жетістігі.   Алынған нәтижелер қазақстандықтардың әл-ауқатын артыруға және мемлекетіміздің нығаюына сөзсіз ықпал етеді.

Алқалы жиын  «ҚазҰЖҒА» мен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ң көрнекті ғалымдары мен мамандардын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының марапаттауымен аяқталды.