Кешелі бері саясаттанушылар арасында «қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұы Тоқаевтың 2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары болып істеген үш жыл кедергі келтірмей ме?» деген сауалдар жиі айтыла бастады.
Әділет вице-министрі Наталья Пан бізге берген сұхбатында бұл кезең іс-сапармен байланысты болғанын айтты. Демек, БҰҰ-дағы үш жыл Қасым-Жомарт Кемелұлының президенттік сайлауға түсуіне кедергі бола алмайды.
Бүгін түс ауа вице-спикер Гүлмира Исимбаева журналистермен кездескен кезде дипломаттар тәрізді Қасым-Жомарт Кемелұлы 3 жыл іс-сапарда болғанын, бұл шетелге түпкілікті қоныс аударды дегенді білдірмейтінін айтты.