Қоғам • 10 Сәуір, 2019

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған алғашқы бейімделген шығармашылық жоба ұйымдастырылады

1098 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін аутизмге ұшыраған балалар үшін «Жануарлар карнавалы» атты бейімделген музыкалық-поэтикалық концерт өткізілді. Бейімделген қойылым «Болашақ» Корпоративтік қоры мен «Астана Опера» опера және балет театрымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған алғашқы бейімделген шығармашылық  жоба ұйымдастырылады

«Бүгінгі аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балалардың назарына ұсынылған бейімделген концерт балаларымызға шаттық пен қуаныш сыйлады. Біз үшін ерекше қажеттіліктері бар балалардың тек білім саласында ғана емес, сондай-ақ мәдени тұрғыда өздерін еркін ұстап, басқа бүлдіршіндермен тең болуы маңызды. «Астана Опера» ұжымына осы іс-шараны өткізудегі көрсеткен белсенділігі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. «Астана Операмен» бірлескен осындай бастамамыз ерекше қажеттіліктері бар балаларға тағы бір үлкен мереке сыйлады», - деді Қор директоры Динара Чайжунусова.

Балалар концерті шынайы жануарлардың қатысуынсыз өткізілген еді, алайда, кішкентай көрермендер симфониялық оркестрдің көмегімен жануарлардың дыбыстары мен дауыстарына еліктеулерін естіп, тани алды.

 «Жануарлар карнавалы» француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың танымал туындысы екенін естеріңізге сала кетейік.

Сюита алғашқы рет 1886 жылдың 9 наурызында орындалған. Бұл жұмысты музыкалық әзіл деп есептегендіктен, Сен-Санс «шалағай» музыканың авторы болғысы келмейтінін айтып, тірі кезінде сюитаны жариялауға тыйым салды. Осылайша, композитордың 1921 жылы бақилық болғанына дейін «Жануарлар карнавалы» тек жеке үйлер мен салондарда естілетін болған.

Сен-Санстың естіртуге және орындауға рұқсат етілген сюитаның виолончель мен фортепианоға арналған бөлімі -  «Аққу» пьесасы, автордың көзі тірі кезінде көптеген музыканттардың репертуарына енген. Оның танымалдылығы әйгілі балерина Анна Павлова үшін Михаил Фокиннің қойған «Өлген аққу»  хореографиялық миниатюрасы арқылы келді.

Бірақ, тұтастай алғанда, «Жануарлар карнавалы» әзілге толы, оның кейбір бөліктерінде танымал музыкалық еліктеулер немесе олардан дәйексөздерін естуге болады.

Анықтама үшін: 2015 жылдан бастап «Болашақ» корпоративтік қоры «Әрбір бала мектепке лайық» жобасын жүзеге асырып жатыр. 2015-2018 жылдар аралығында Қормен аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар 248 орта мектептерге бала енгізілген. Инклюзивті білім беру саласында 161 жұмыс орны құрылды. 20 инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. 800-ден астам білім беру, денсаулық сақтау мамандары және ата-аналар қоғамдастығының инклюзивтік білім беруде және қолданылатын мінез-құлық талдауларыны сабақтарын алды.

Жоба «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының «Инклюзивтік білім беруді дамытуға жәрдемдесу» бағыты аясында іске асырылуда.

2019 жылы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында аутизмге ұшыраған балаларға арналған 20 қолдау кабинеттері ашылады.