Іс-шара «Болашақ» корпоративтік қоры және «Ашық әлем» қоғамдық қорымен, «Cinemax» кинопаркі және «Astana film Fund» киностудиясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған іс-шараны өткізуде арнайы жағдайлар ескеріліп, жасалады: ашық есіктер, жарық шамдар, дыбыстың бәсеңдеуі, былай айтқанда, іс-шараға жақын сенсорлық аймақты орнату, сондай-ақ, кинозал/театр қызметкерлері балалармен дұрыс өзара әрекеттесу туралы және ықтимал жағымсыз мінез-құлықты ескерту жайында арнайы тренинг жүргізіледі. Аталған талаптар мен қажеттілік балалардың көрсетілім кезіндегі ыңғайлылығы үшін жасалған.
Бүгінде отандық комедияны орыс тілінде 150-ге жуық, соның ішінде аутизмге ұшыраған балалар және олардың ата-аналары мен жақындары тамашалады.
Мұндай іс-шаралар «Болашақ» корпоративтік қорымен жыл сайын дүниежүзілік аутизм жайлы ақпаратты тарату күніне орай өткізіледі. 2018 жылы Қор алғаш рет «Кинопарк 7» кинотеатрында қазақ және орыс тілдерінде мультфильмдердің бейімделген көрсетілімін өткізген еді.
Қордың директоры Динара Чайжунусова аутизмге шалдыққан және даму ерекшеліктері бар балалар үшін өткізілген мұндай шараларды үлкен қоғами-әлеуметтік маңызға ие екенін атап өтті. Балалар тең болып әлеуметтік ортаға бірдей қол жеткізуі керек.
Бейімделген іс-шараларды ұйымдастырудың басты мақсаты, аутизмі бар балалардың өмір сүру деңгейін көтеру мен олардың қоғамға әрқашан ықпал ете алатынын көрсету болып табылады.
«Каникулы off-line» фильмі өз бизнесін бастайтын үш дос туралы баяндайды. Осылайша олар қалалық балаларға арналған бірегей этноллагерді ашады. Фильмнің негізгі кейіпкерлері үнемі күлкілі, тіпті кейде қауіпті жағдайларға түседі. Фильмнің режиссері – Руслан Акун.