Тоғыз турдан соң классикалық шахматта бірінші орын алматылық Димаш Тулендиновке бұйырды, күміс медальды Қызылордадан Нәзерке Нұрғали жеңіп алды, ал чемпионаттың қола жүлдегері болып атыраулық Зарина Нургалиева, Шымкенттен Зейнеп Султанбек, және де оңтүстік астананың өкілдері Алуа Нурманова мен Ксения Балабаева табылды.
«Жастар керемет ойын көрсетті.Биыл медальдар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе көптігін белгілеп өтуге болады», деп балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Ануар Исмағамбетов айтып өтті.
Рапид пен блиц турнирлерінің нәтижелері бойынша қазақстандықтар сондай-ақ 8 алтын, 2 күміс және 2 қола медальдарын жеңіп алды. Классика турниріндегі барлық жеңімпаздар өздерінің дәрежелерін ФИДЕ шеберіне үміткерге дейін көтерді.
«Балалардың Шри-Ланкадағы нәтижелері біздің жастар арасындағы шахматтың көтеріліп келе жатқанын көрсетті, – деп, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко сенімді, – юниорлар арасындағы жасы үлкендері көп ұзамай ересектер арасындағы турнирлерде республиканы атынан шығады».
Чемпионат Азия шахмат федерациясынан және Мұхиттың басқа шектерінен келген жас спортшылар шахматтың классика, рапид және блиц партияларында жарысқан Шри-Ланканың Калутара қаласында өтті. Турнирде жас жігіттер мен қыздар алты жас санаттарында қатысты: 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейін.
ҚШФ бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктесі —«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-нің бас демеушісі – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.