Саясат • 10 Сәуір, 2019

Рашид Күзембаев «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен босатылды

940 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Күзембаев Рашид Талапұлының жұмыстан өз еркімен босатылуы туралы өтініші қаралды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рашид Күзембаев «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен босатылды

Өтініші қабылданғаннан кейін, ұлттық компания Директорлар кеңесінің мүшелері Рашид Күзембаевқа атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, алда жетістіктерге жете беруге тілек білдірді.

Өз кезегінде Күзембаев Рашид Талапұлы Директорлар кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне сенім білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін алғысын айтты, сондай-ақ ұлттық компанияның Басқарма мүшелеріне, қызметкерлері мен көптеген әріптесіне бірлескен жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Күзембаев Рашид Талапұлы 2017 жылдың қазан айында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бір жарым жылдан аз уақыт ішінде оның жетекшілігімен ұлттық компанияның қалыптасуы, атап айтқанда, еліміздің ұлттық туристік өнімі мен қазақстандық туристік брендтің тұжырымдамалары және оларды насихаттаудың маркетингтік жоспары әзірленді. Kazakh Tourism салалық мемлекеттік бағдарлама мен заң жобасын әзірлеуге тікелей қатысты, Kazakhstan.travel туризм саласындағы жаңартылған ұлттық туристік портал іске қосылды, алғашқы ұлттық салалық премия, сондай-ақ еліміздің туристік мекендерін қамтыған ең ірі экспедиция және тағы басқа шараларды ұйымдастырды.

Әсіресе, Euronews NBC арнасында көрсетілген «Біз қайда барамыз?» атты бейнеролигі  және танымал әнші Димаш Құдайберген алғаш болып кірген ҚР туризм елшілері бағдарламасын еске алса болады.

Бұдан басқа, ұлттық компания Бүкіләлемдік туристік ұйым, Азия-Тынық мұхиты саяхат қауымдастығы, Ростуризм, Өзбектуризм,  Swiss Tourism және басқа елдердің де ұлттық туристік кеңселерімен ынтымақтастық орнатты.