10 Сәуір, 2019

Шетел инвесторлары кеңесінің отырысына дайындық мәселелері талқыланды

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Білім және ғылым министрлігінде жұмыс тобының отырысы өтті. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қоғамының өкілдері қатысты.

Шетел инвесторлары кеңесінің отырысына дайындық мәселелері талқыланды

Кездесу барысында ағымдағы жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына дайындық мәселелері талқыланды. 

Бүгінгі таңда жұмыс тобы тиісті жоспар бойынша жұмыс жасайды. Бұл жоспар 3 бөлімнен тұрады: ШИК 32-ші Пленарлық отырысын дайындау, ШИК Аралық сессиясын дайындау, ШИК 31-ші Пленарлық отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау.

ШИК-нің аралық жиналысына дайындалу үшін жұмыс тобы 32-ші ШИК көрмесін ұйымдастырудың тұжырымдамалық мәселелерін, шетелдік тараптың презентациялар тақырыбын әзірлейді. Кездесу барысында шетелдік тараптың дайындығы туралы «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі»

қауымдастығының директоры Жанна Байдашева және шетелдік тараптан бірлескен ШИК дайындық жөніндегі жұмыс тобының төрағасы, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының мүшесі Андрей Курилин сөз сөйледі.

ШИК пленарлық отырысы аясында «Адами капитал - инновацияны құрудың басты өндірістік факторы» тақырыбында көрмені ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 6 маусымда Мемлекет басшысының төрағалығымен «Адам капиталын дамыту» тақырыбында Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші отырысы өтеді. Кеңеске ұсыныстарды әзірлеу үшін 4 жұмыс тобы құрылды және олардың біреуі Кеңестің бірлескен аралық және пленарлық отырыстарын дайындауға арналған жұмыс тобы болып табылады. Қазақстан тарапынан көрсетілген жұмыс тобын ҚР Білім және ғылым министрлігі басқарады.