Спорт • 10 Сәуір, 2019

Шайбалы хоккейден Қазақстанда өтетін әлем чемпионаты туралы негізгі деректер

1135 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатының басталуына 20 күннен аз уақыт қалды. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлемдік сын қарсаңында Olympic.kz жанкүйерлер назарына басты ақпараттарды ұсынады.

Шайбалы хоккейден Қазақстанда өтетін әлем чемпионаты туралы негізгі деректер

Элиталық дивизион жолдамасына алты мемлекет таласады. Олардың қатарында Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Словения, Венгрия мен Литва бар. Чемпионат кездесулері бір айналымда аяқталады. Біріншілік қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған екі команда жоғарғы дивизионға жолдама алып, 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін иеленеді. Біздің елімізде хоккейден мұндай ірі деңгейдегі турнир алғаш рет өткелі тұр. Кездесулер «Барыс-Арена» мұз айдынында өтеді.   

Қазақстан командасының алғашқы кездесуі Словенияға қарсы, 29 сәуірде өтеді.  Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20.00-де басталмақ. Дайындық кезеңі барысында біздің команда Беларусь пен Оңтүстік Кореяға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді. 

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Бояркин Никита («Сарыарқа»), Кудрявцев Сергей («Барыс»), Карлссон Хенрик(«Барыс»), Севидов Валерий («Алматы»).

Қорғаушылар: Диц Даррен(«Барыс»), Данияр Самат(«Барыс»), Ыбырайбеков Мадияр («Барыс»), Клещенко Никита («Номад»), Липин Александр(«Барыс»), Маклюков Алексей («Барыс»), Метальников Леонид («Сарыарқа»), Орехов Валерий(«Барыс»), Полохов Кирилл(«Барыс»), Степаненко Иван («Бейбарыс»), Степанов  Дмитрий («Бейбарыс»), Семенов Максим(«Барыс»), Шалапов Егор(«Барыс»), Лакиза Артемий («Номад»).

Шабуылшылар: Акользин Павел(«Барыс»), Әсетов Әлихан(«Барыс»), Боченски Брэндон(«Барыс»), Бойд Дастин(«Барыс»), Борисевич Александр («Сарыарка»), Белгібаев Нұрсұлтан («Алтай Торпедо»), Волков Максим («Ertis»), Гренц Дмитрий(«Барыс»), Гурков Дмитрий(«Барыс»), Кучин Иван(«Бейбарыс»), Михайлис Никита(«Барыс»), Некряч Антон(«Бейбарыс»), Петухов Егор(«Барыс»), Рымарев Евгений («Торпедо»), Сен-Пьер Мартин («Кунь Лунь Редстар»), Сагадеев Антон(«Барыс»), Худяков Максим («Алтай Торпедо»), Шестаков Аркадий («Торпедо»), Шевченко Дмитрий(«Барыс»), Евдокимов Ярослав («Номад»).

Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған Роман Старченко командаға көмектесе алмайды. Команда жаттықтырушысы – Андрей Скабелка. 

Наурыз айының басында билеттер онлайн түрде сатылымға шықты. Қазіргі таңда біріншілік билеттерін түрлі сервистер мен турнирдің ресми сайтынан сатып алуға болады. Билет алу үшін жанкүйер ең алдымен өтетін матчты, кейін сектор мен қатар және орынды таңдауы қажет. Қазақстан командасының қатысуымен өтетін кездесуге ең арзан билет 700 теңгеден бастап сатылады. 7 жасқа дейінгі балалардың тегін кіруіне рұқсат етілген. 

Айта кетелік, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты (1 дивизион, А тобы) 2019 жылдың 29 сәуірі пен 5 мамыры аралығында өтеді.