Қазақстан • 11 Сәуір, 2019

Тарихи шешім - Бақытгүл Хаменова

1197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тарихи шешім - Бақытгүл Хаменова
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы қабылдаған шешімі шынында да саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар қажетті іс деп ойлаймын.

Осы орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бізге балталаса да бөлінбейтін бірлік керек» деген керемет сөзі еске түседі. Бүгінгі қазақ жұртының негізгі үш мәселесі бар. Ол – біздің бірлігіміз, бейбітшілігі­міз және  тұрақтылығымыз. Біз­ге биліктік транзитті тоқтатып, одан әрі мемлекетіміздің жаңа даму қарқынына түсуіміз керек. Сондықтан бұл сайлау демо­кратиялық қағидаттарға толықтай жауап бере отырып, шын мəнінде ел мүд­десін қорғауға бағытталады деп ойлаймын.



Бақытгүл ХАМЕНОВА,
Мәжіліс депутаты