11 Сәуір, 2019

Дархан Мыңбай: Тәуелсіздігіміздегі жауапты кезең

814 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дархан Мыңбай: Тәуелсіздігіміздегі жауапты кезең
Қазақта «жақсылықтың тезі­рек болғаны қайырлы» деген сөз бар. Кезектен тыс сайлау өткізу тура­лы шешім дер кезінде және ер­тең­гі күнді бүгін қамдаудың жар­қын көрінісі деп ойлаймын. Қазір біз тарихи кезеңді бастан өт­керіп жатырмыз. Бұл сайлау – Тәуел­сіздігіміздегі маңызды кезең. Өйткені елімізде билік тран­зи­тін жүзеге асырудың осындай қа­дамы жүрді. 
Сайлау қоғамды қайта құру емес, оны жақсарта түсу, ізгілен­діру сияқты  мақсатпен өткізіледі. Бүгінгі қоғамымыздағы ең бас­ты мәселе – қоғамымыздағы татулық пен келісімді қамтамасыз ету, со­ның ішінде жекеменшікті бизнесті дамытуға жағдай жасау. Сайлау­дың мерзімінен бұрын өтуі еліміз­дің әлеуметтік-экономикалық даму жолында алға қойған мақсаттарын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік бере­ді.  Өйткені бізге нақтылық керек. Сайлау бізге қоғамда түрлі әңгімелер мен күмәнді ойларға жол бермей, шешіп алып, ары қарай Елбасымыз салып кеткен жолмен жүруге көмектеседі. Біз қазір жалпыға ортақ сайлау дәуірінде өмір сүріп жатырмыз десек болады. Бұл нақты айтқанда мем­лекеттің демократиялық, про­грессивтік, құқықтық жолмен жүруінің нақты кепілі. Осындай жауап­ты кезеңде сайлауға қаты­су азаматтардың тек өзін-өзі құрмет­теуі ғана емес, жалпы Қазақ­стан­ның болашағының, ұрпақ алдында жауапкершілігін көрсетеді.  

Дархан МЫҢБАЙ,
Мәжіліс депутаты