08 Мамыр, 2012

Қадағалау қарекеті қалыпты

344 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қадағалау қарекеті қалыпты

Сейсенбі, 8 мамыр 2012 7:38

Еліміздегі құқық қорғау ор­гандарының қызметін үйлестіріп, үнемі бағыт-бағдар беріп отыратын прокуратура органдарының міндеті айрықша зор екені бел­гілі. Бұл орайда Бас прокуратура Президент Жарлығына сәй­­­кес құқық қорғау органдарын аттес­таттау барысына тыңғылықты қа­дам жасауға бет бұрды. Соның бір мысалындай, өзге орган­­дар­­дың салғырттығынан жіберілген кемшіліктерді де түзетуді қолға алды. Мәселен, өткенде Жез­қазған қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысынан тергеуге алынған бес адам қамаудан қашып кетті.

 

Сейсенбі, 8 мамыр 2012 7:38

Еліміздегі құқық қорғау ор­гандарының қызметін үйлестіріп, үнемі бағыт-бағдар беріп отыратын прокуратура органдарының міндеті айрықша зор екені бел­гілі. Бұл орайда Бас прокуратура Президент Жарлығына сәй­­­кес құқық қорғау органдарын аттес­таттау барысына тыңғылықты қа­дам жасауға бет бұрды. Соның бір мысалындай, өзге орган­­дар­­дың салғырттығынан жіберілген кемшіліктерді де түзетуді қолға алды. Мәселен, өткенде Жез­қазған қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысынан тергеуге алынған бес адам қамаудан қашып кетті.

Бас прокуратураның нұсқауы бойынша Жезқазған қаласының прокуроры осы қылмыстың жасалуына кінәлі ІІБ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты немқұ­райдылық фактісі бойынша Қыл­мыстық кодекстің 316-бабы 2-бөлігінің «а» тармағымен қыл­мыстық іс қозғады. Қашқындар­ды іздеу және оларды ұстау бойынша құқық қорғау органдары­ның қызметін үйлестіруді Қара­ғанды облысының прокуратурасы қолға алды. Осының арқа­сын­да бейбіт тұрғындар арасына еніп кеткен қауіпті қылмыс­кер­лер, әйтеуір, ұсталды. Әрине, бұл құзырлы мекеменің өзге орган­дардың кемшілігін тауып, анық­тап жүргені бұл бір емес екені рас. Мәселен, Мемлекет басшысы отандық кәсіпкерлікті дамыту, жеке бизнесті қорғау мен қолдау мәселелеріне айрықша көңіл бө­леді. Осы стратегиялық міндетті ойдағыдай іске асыру прокура­тураның құқық қорғау әлеуетін тиімді қолданумен тікелей байланысты. Қадағалау органдары ба­қылаудың қолданыстағы тетікте­рін жетілдіру және кәсіпкерлікке бақылаушы органдардың заңсыз араласуымен байланысты заң бұ­зушылықтарды дереу жоюға ба­ғытталған ауқымды жұмыс­тарды жүзеге асырады.

Құқық қорғау органдарының қызмет тиімділігін арттыру мем­лекеттік органдардың жеке кәсіп­керлік субъектілерін тексеруді жоспарлау барысында заңды­лық­ты сақтау мәселелері Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың үнемі назарында десек артық айтқан­дық емес. Мұндай отырыстар барысында кәсіпкерлердің құқық­та­рының, азаматтардың құқық­та­ры мен мүдделерінің көптеп бұ­зылуына ықпал еткен аса ма­ңыз­ды және өзіндік заң бұзушы­лық­тар анықталады. Осы орайда атап айтар болсақ, алаңдаушы­лық туғызатын мәселелер Тө­тен­ше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және жаңа техноло­гия­лар, Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің жеке кәсіп­кер­лік субъектілерін тексеруді жос­парлау барысындағы заңдылық­тың сақталуы нәтижесінен көрі­ніп отыр. Дәл осы ведомстволар биз­несті заңсыз тексеруге көп жол берген көрінеді.

Олар тексеру жоспарлары талаптарын сақтамаған. Аталған жоспарларды оған уәкілеттігі жоқ лауазымды тұлғалардың бе­кітуі сияқты деректер де аз емес. Көп жағдайларда тексерулердің мерзімі бұзылған. Сондықтан прокурорлар бақылаушы орган­дар­дың 26,5 мыңнан астам тексе­руін заңсыз деп тапты. Ал бұл ойландырарлық сан. Сонымен қатар, прокурорлар санитарлық-эпидемиологиялық, медицина­лық және фармацевтикалық са­лалардағы тексерулердің дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан азаматтардың мыңдаған өтініш­тері мемлекеттік органдар назарынан тыс қалғанын анықтады. Мысалы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпи­демиологиялық қадағалау ко­ми­те­ті санитарлық-эпидемиоло­гия­лық ережелерді бұзу туралы 165 өтініш бойынша бірде-бір тексеру жүргізбеген. Оның орнына өті­ніш берушілерге сырғытпа жауаптар жіберумен шектелген. Ал өті­ніштерде халықтың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп тө­ну мүмкіндігі туралы жазылған еді.

Қалыптасқан ахуал бұл жағ­дайды өзгертуге ықпал ететін жа­ңа әдіс-тәсілдер қабылдау қа­­жет­тігін талап етеді. Осыған орай, Бас прокуратура кәсіпкерлік субъ­­­ек­­тілерін заңсыз тексеруге жол бермеуге бағытталған келісілген ұсыныстар мен іс-қимылдарды әзірлеу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет деп тапты. Бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, ведомстволық бақылауды күшейту және бақы­лау-қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын қызметкерлердің кә­сіптік деңгейіне талапты арттыру айтылды. Сонымен бірге, заң­на­ма талаптарына сәйкес барлық ба­қылау-қадағалау органда­ры­ның тәуекелді бағалау өлшем­де­рін қайта қарау, тексеруді жос­пар­лау рәсімін автоматтандыру ұсынылды. Аумақтық прокуро­р­ларға мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерін тек­серу жоспарын құру кезінде заңдылықты сақтауына тиісінше қадағалауды қамтамасыз ету, бизнеске қысым жасау фактілерінің алдын алу және болдырмауға, аза­маттардың құқықтары мен мүд­делерін қорғауға бағытталған шараларды жедел және дер ке­зін­де қолдану жүктелді. Ал бұл өз ке­зегінде прокурорлардың аттестаттау барысына лайық­ты­ла­ры­ның дараланатындығына жол ашады.

Александр ТАСБОЛАТОВ.