Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны Нұрлан Жүзбаев Бірлік ауылдық округінен жаңадан демалыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Меншік иесінің жұмыс жасап жатқанына 2 жылдай уақыт болған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жаңадан құрылып жатқан демалыс орнында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

«Байбол-ата» шаруа қожалығының меншігінде 70 гектар жер бар. Оның 10 гектарын бау-бақша, 20 гектарын көл алып жатыр. Қалған 30-40 гектар жер тоғай күйінде сақталған. Қожалық иесі бұл жерді демалыс орнына айналдыру үшін шетелден арнайы аң-құс пен балық сатып алып, оларды өсіріп, көбейтіп жатқанын айтады.
«Демалушыларға қару асынып, тоғай аралап, аң-құс ату үшін арнайы жер дайындап жатырмыз. Мәселен, Ресейден үйрек пен қаздың бірнеше түрлерін алдырттық. Қазір оларды инкубациялық жолмен көбейту жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Балапан ашып шыққандарын тоғайға жіберіп отырамыз. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам жабайы қоян алып келдік. Жалпы осы жобаға бүгінге дейін 150 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсадық», – деді Нұрлан Жүзбаев.
20 гектар аумақты алып жатқан көл жеті бөлікке бөлінген. Онда Венгриядан сатып алынған 160 мың дана балық жіберіліпті. Оның 50 мыңы сазан, 40 мыңы амур ақмарқасы, 20 мыңы дөңмаңдай, 50 мыңы тұқы балықтары.
Айта кетейік, қазір онда 20 адам жұмыс істейді. Қауіпсіздік үшін нысан қоршалып, айналаға бейнекамералар орнатылған. Жоба жоспар бойынша жүзеге асса, алдағы 2-3 жылда демалушылар үшін есік ашылады.
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 кестесінде үшінші орынға көтерілді
Футбол • Бүгін, 13:10
Тіл саясаты комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:05
Жозеп Боррель: Белоруссиядағы ядролық қару Еуропаға қауіп төндіреді
Әлем • Бүгін, 12:52
Сайлау қорытындысы: Мәжіліске өткен бір мандатты депутаттар анықталды
Сайлау • Бүгін, 12:42
Партиялар арасында Мәжіліс депутатының мандаттары қалай бөлінгені белгілі болды
Сайлау • Бүгін, 12:35
«Мен үшін үлкен абырой». Шавкат Рахмонов Президентпен кездесуі туралы
Спорт • Бүгін, 12:28
Ұқсас жаңалықтар