Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданында біреудің малын ұрлап, оны сойып жатқан екі күдікті ұсталды. Қазір олардың басқа да мал ұрлықтарына қатысы тексеріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Полицейлер дерегінше, айғақ заттар тәркіленіп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелген. 22 және 24 жастағы екі күдікті қамауға алынып, тергеліп жатыр.  

Өткен жыл қорытындысымен облыста мал ұрлығы біршама төмендеп, ашылу көрсеткіші 4,2%-ға жақсарыпты. 29 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, белгіленбеген орындарда қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 1095 әкімшілік шара көрілген.

 

Соңғы жаңалықтар