Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Динара Сағындықованың айтуынша, ол екі баласын әке-шешесінің үйіне қалдырып, қайда баратынын ескертпестен белгісіз жаққа кетіп қалған. Туған-туыстары оның кешіккеніне алаңдап, тиісті орындарға хабарлаған. Суреті әлеуметтік желілерде жарияланып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенімен, еш нәтиже бермеген. Тек мәйітханадан телефон соғылып, Маринаға ұқсас келіншектің өлі денесі жатқаны айтылғаннан кейін ғана куәлердің көмегімен марқұмның сол екені анықталған.
Қылмыстық Кодекстің «адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде ауыр қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған 31 жастағы ер азамат ұсталды.
Әзірге әйелдің қаладағы пәтерлердің бірінде тұншықтырылып өлтірілгені ғана мәлім.