Саясат • 11 Сәуір, 2019

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 642 жоба жүзеге асты

1390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бастау алған 2 жыл мерзімде Алматы облысында 642 жоба нақты жүзеге асқан. Оның ішінде 319 жоба 2017 жылы орындалса, 2018 жылы 323 жоба жемісін беріпті.

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 642 жоба жүзеге асты

Өңірдегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дана Дүйсенованың айтуынша, облыс аумағында екі жыл ішінде түрлі шара ұйымдастырылуда.  Нәтижесінде ел бойынша алғашқы лекте «Must see» әдістемелік материал топтамасының тұсаукесері жасалып, жобала ркөрмесі мен қоғамдық саанны жаңғыртып, тарихи деректерді тірілткен «дөңгелек үстелдер» өтті.

- Осыдан 2 жыл бұрын, 12 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланған болатын. Елбасы мақласынан кейін елімізде рухани жаңғыру бағытындағы жұмыстар жаңаша екпін алып, нақты шараларға жол ашылды. «Рухани жаңғыру» бір жылдық, екі жылдық бағдарлама емес, ол ұзақ мерзімге құрылған. Сол арқылы жастардың сана-сезімінде ұлттық менталитет қалыптасады. Елбасының 2 жыл бұрынғы мақаласының дәстүрлі жалғасы ретінде былытр жарық көрген «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаланың да мәні тереңде. Бұл игі бастамаынң барлығы тарихымызды қайтадан түгендеуге арналған , – дейді «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыстық сараптмалық кеңестің мүшесі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттінің ректоры Қуат Баймырзаев.

Ал биыл Жетісуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 94 жоба мен түрлі деңгейдегі шараларды іске асыру жоспарланған. Бұл мақсатта қазына қоржынынан жалпы құны 2 млрд 534 млн 130 мың теңге шамасында қаражат бөлініп отыр. Сондай-ақ, облыстың аудан, қала орталықтарында іске асырылатын шараларға да 34 млн 130 мың теңге қарастырылып, бұл қаржыға 117 жоба жүзеге аспақ. Шаралар жоспары Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығында талқыға түсіп, жобалық кеңсе арқылы басқарылады.

- Биыл Жетісу жеріндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасады. Былтыр аймақта «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 9 млрд теңге болатын 323 жоба жоспарланып, барлығы 4,8 млрд теңге қаржыға 251 жоба іске асырылды. Мұнан бөлек «Туған жер» бағдарламасы бағытында облыстың кәсіпкер азаматтарының қолдауымен 3,8 млрд теңгеге барлығы 376 жоба жемісті аяқталды, - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев.

Жақын күндері бағдарлама шеңберінде «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету» тақырыбына І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Ұлы Даланың мәңгілік мирасы – Манас» атты қырғыз-қазақ зиялыларының ІІІ форумы, «Алтын Адам ізімен» халықаралық экспедициясы секілді ірі жобалар қанат қағады.