Спорт • 11 Сәуір, 2019

Теннис: Попко екінші кезеңге өтті

1013 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Санрайз қаласында теннистен ITF санатындағы турнир басталды.

Теннис: Попко екінші кезеңге өтті

Тұсаукескер кездесуін қазақстандық ойыншы Дмитрий Попко америкалық Кристиан Элшонға қарсы өткізді. Бұл бәсекеде 22 жастағы жерлесіміздің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Ол 1 сағат 22 минутқа созылған екі сеттік сайысты 6:0, 7:5 есебімен аяқтады.

Келесі айналымда Дмитрий Попко америкалық Стефан Козлов пен бразилиялық Матеуш Алвеш арасындағы матчтың жеңімпазымен күш сынасады.