Спорт • 11 Сәуір, 2019

Универсиада: Бадминтоннан бәсекелер аяқталды

914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Х-жазғы Универсиадасы бағдарламасы аясында бадминтоннан өткен жарыс өз мәресіне жетті.

Универсиада: Бадминтоннан бәсекелер аяқталды

Алматы қаласында ұйымдастырылған айтулы додада еліміздің 15 Жоғары оқу орындарының студенттері бақ сынады. Жарыстың командалық есебінде Алматыда орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлектері алдарына жан салмай, бас жүлдені олжалады. Екінші орынды Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті иеленсе, үшінші сатыға Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті табан тіреді.   

Марапаттау ресімін «Салауатты өмір салты» кафедрасының директоры Анатолий Арещенко, Қазақастан Республикасы Білім және ғылым министрілігі Ұлттық ғылыми-практикалық Дене тәрбиесі орталығының Алматы қалалық филиалының директоры Зоя Айтбаева және осы жарыстың бас төрешісі Мәлік Бейсағалиев жүргізіп, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Универсиаданың дипломдары, медальдары және кубоктарын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар